Құрметті блог оқырмандары!

Қобда аудандық орталық емханасы ғаламтор ресурсындағы ресми парақшасына қош келдіңіздер! 

  Осы сайт арқылы Сіздерге жақындаса түсіп, медициналық қызметтің сапасын жақсарту мәселесінде пікір алмасу арқылы тұрақты кері байланыс орнатуға мүдделіміз.

  Сауалдарыңыздың бірде-бірін назардан тыс қалдырмауға, ұсыныстарыңызды ескере отырып, медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіруге тырысамыз. Біз бірлесе отырып медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеріп, тұрғындардың денсаулығын нығайта аламыз. Біздің көздегеніміз – әрбір тұрғын үшін медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуы.

   Осы сайтта Сіз өзіңізді қызықтырған кез-келген ақпаратты тауып, денсаулық сақтауға қатысты сұрақтарыңызды қойып, денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, жоспарланған шаралармен таныса аласыздар.

Денсаулық – зор байлық, оны сақтау сіздің қолыңызда!

 

Құрметпен,

Қобда аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Саренова Ботагөз Мақсатқызы