ШЖҚ «Қобда аудандық орталық ауруханасы» МКК 1983 жылы салынды. Аудандық ауруханаға қарасты 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлі-акушерлі пункт, 18 медициналық пункт. Қобда аудандық орталық аурухана бойынша 37 дәрігер,  138 медбике,  49 кіші буын қызметкері және 57 өзге қызметкерлер жұмыс жасайды. Жоғары дәрежелі- 2 дәрігер, бірінші дәрежелі- 5 дәрігер , екінші дәрежелі 1 дәрігер, сонымен  қатар 10  медбике жоғары дәрежелі, 1 медбике бірінші дәрежелі, 1 медбике екінші дәрежелі қызметкерлер қызмет етеді.  Төрт дәрігер «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісінің, 2 дәрігер, 1 лаборант Пирогова медалінің иегерлері, 1 дәігер, 1 медбике аудан әкімінің алғыс хатымен,  1 дәрігер және 1 медбике Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасының алғыс хатымен марапатталған.