Қадірлі  емделушілер!


Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.
 Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.

 Осыған байланысты,егер Сіздер:
- медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық кызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін кепілді медициналық көмек беру аумағында медициналық қызметкердің ақшалай талап ету жағдайларымен кездессеңіз;
- сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда,

Сіз  Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау  қызметіне жүгінуге құқылысыз.
Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ  шағымды медициналық ұйымының сайтында «бас дәрігердің ақпараттық блогына» қалдырсаңыз болады: біздің сайт www.kobdacrb.kz.

- келесі телефондарға хабарласуға:

21-1-93 - Бас дәрігер:  Саренова Ботагөз Мақсатқызы.
21-9-66 - Бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары:  Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы.

21-5-17 - Емделушілерді қолдау қызметінің сенім телефоны арқылы байланысуға
Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметіне № 32 кабинетке тікелей жолығуыңызға болады.
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Сіздің арызыңызды 5 күнтізбелік күннен  кешіктірмей қысқа мерзімде қарастырып,
Сізге нәтижесі бойынша ақпаратты жеткізеді.
Емделіп жүрген науқастардың өздері немесе олардың туыстары арыздануға құқылы.

                                                                                                                                     
Қобда АОА әкімшілігі.

 

Қазіргі уақытта Қобда ОАА медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерін көрсетеді:

Ересек адамдарға  мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек:

- Фтизиатрия

- Терапия жалпы

- Психиатрия

- Невропатология

- Эндокринология

- Хирургия жалпы

- Дерматовенерология

- Aкушерлық және гинекология

- Онкология

- Офтальмология

- Оториноларингология

- Инфекциялық аурулар

 

Балаларға   мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек:

- Инфекциялық аурулар

- Психиатрия

- Эндокринология

- Педиатрия

- Фтизиатрия

- Дерматовенерология

 

Ересектерге мамандықтар бойынша стационарлық медициналық көмек:

- Терапия жалпы

- Хирургия жалпы

- Инфекциялық аурулар

- Aкушерлық және гинекология

- Анестезиология және реаниматология

 

Балаларға  мамандықтар бойынша стационарлық медициналық көмек:  

- Инфекциялық аурулар

- Педиатрия

 

Диагностика:

- Ультрадыбыстық диагностика

- Функционалды диагностика

- Рентгенологиялық диагностика

 

Лабораториялық диагностика:

- Биохимиялық тексеру

- Бактериологиялық тексеру

- Серологиялық тексеру

- Жалпыклиникалық  тексеру

 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек:

- Жедел медициналық көмек

- Дәрігерге дейінгі көмек