Зертханада зертханалық диагностика саласының жоғары және бірінші біліктілікті санатты, жоғары деңгейлі мамандары қызмет етеді.
Мамандардың озық тәжірибелері, кәсіпқойлылығы және бөлімшенің қазіргі заман талабына сай жарақталған құрал-жабдықтары — зерттеу дәлділігінің, сенімділігінің кепілі.

Зертхана диагностикалық кеңес беру бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Зертханалық зерттеулер диагнозды дұрыс белгілеу мен оған байланысты нақты емдеу жүргізу үшін бірден-бір маңызды шаралар. Қазіргі уақыттағы диагностика адам ағзасындағы өзгерістерді анықтауға және оларды шеттету үшін қажетті шаралар жасауға мүмкіндік беретін зертханалық зерттеулерсіз мүмкін болмайды. 

Біздің емхананың зертханасы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, диагностика, профилактика және ауруларды мониторингтеу саласында көптеген талдаулардың кеңейтілген түрлерін орындайды.