Жаңалықтар

"Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында Қобда ауданы күндеріне орай "Өмір сыйла өзгеге" донорлық акциясы өткізілді. Акцияға аудан әкімшілігінде қызмет атқаратын жетекші мамандар, мектеп мұғалімдері, аудандық аурухана қызметкерлері донор ретінде қатысты. Акцияға қатысушылар(донорлар) қан көлемін толықтыру үшін берілетін ақшалай баламасы "Үміт" сәбилер үйіне қайырымдылық шарасы ретінде қаржылай көмек көрсетті

Заманауи медицинаның ең бір өршіп тұрған проблемаласы – вирусты гепатит, оның шешімі барлық адамзат үшін маңызы зор. Ақырғы 10-15 жылдың проблемаларының ішіндегі етек жайып отырған парентералды гепатит В және С, вирустардың ең бірніші рет нашақорлардың арасында таралып, олардан басқа адамдарға жұғуы. Бұл тек қана «айсбергтің көрінетін жағы», өйткені өткір В және С гепатиттері сары аурусыз болып, көп жағдада дәрігерлердің көзіне көрінбейді. Қазіргі уақытта созылмалы гепатиттің негізгі маңызды проблемалары: бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігі. В гепатиті кезінде өткір формасының 10% созылмалыға айналады, ал гепатит С кезінде – 60 % өседі! 10-20% созылмалы формаларымен ауыратын науқастарда одан әрі бауыр циррозы мен алғашқы бауыр қатерлі ісігіне дамиды. Қазіргі кезде В вирусты гепатитін 300 млн. адам таратушы болса, ал С вирусты гепатитін таратушылар 500 млн. адамды құрайды. Дүниежүзінде бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігінен жыл сайын 1 млн. адам көз жұмуда.

Сіреспе – ол, жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Сіреспе ағзаға терінің тілінуі немесе жара арқылы түседі. Ағзаға бактерия кішігірім жырылу немесе жара арқылы түсуі мүмкін, бірақ шеге не жүздің терең жарақатынан аса жоғары қауіп төнеді. Сіреспенің бактериясы барлық жерде бар: оларды көбіне жерде, шаңда және қида табады. Сіреспенің таяқшасы кәдімгі зарарсыздандыру заттарынан жойыла қоймайды, олар қайнатудан кейін де тірі болып қалады.

Вакцинация түрлі инфекциядан қорғайтын ең маңызды әдістің бірі. Елімізде мына ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі: туберкулез (БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ),  полиомиелит (ОПВ), қызылша, қызамық, эпидемиялық  паротит (КПК),  күл, дифтерия, сіріспе, көкжөтел, (АбКДС) , гемофильді» инфекция(Хиб) , т,б. Қазақстан  Республикасы бойынша міндетті екпе жасалу мерзімдері бар.

Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні жастар ресурстық орталығының бастамасымен Егіндібұлақ ауылында халықаралық жастар күніне орай «Жастық, Жалын, Жігер» атты жастар күні өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Б.Курманиязов, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Е.Коспанов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметкері Р.Шалимов, СӨСҚ кабинетінің дәрігері А.Серік, жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Урумбасаров, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Е.Мухамбеткалиев, аудан кәсіпкерлері, ауылдық округ жастары қатысты. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары ауыл тұрғындарына қабылдау жүргізді, «Жаңа жол - жаңа мүмкіндіктер», «Ауруға жол жоқ» атты семинар тренингтер, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесі және жастар арасында волейбол, футбол ойындары өтті. #zhasaktobe #kobdazhastary #қобдажастары