Маусым айының 15-жұлдызында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға ауданымыздан қашықтықта орналасқан ауылдардан да дәрігерлер мен медбикелер шақырылды. Қобда аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерін құттықтау үшін бас дәрігер Б.М.Сареноваға сөз берілді. Ботагөз Мақсатқызы төл мерекемен құттықтап,елеулі істерімен көзге түскен жандарға сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырды. Соның ішінде кешегіде өткен спартакиадаға қатысқан командаларды да құттықтап, жеңімпаз атанған «Емхана» командасына Ақтөбеге жолдама берілді.

Іс-шара бағдарламасында жастар өз өнерлерін көрсетіп, жұртшылықты қуантып тастады. Медицина саласында қызмет еткен зейнеткерлер өз алғыстарын айтып, мерекемен құттықтап шықты. Мерекелік шара ауданымыздың «Арай» мейрамханасында үстел басында жалғасын тапты.

16- маусым күні Ақтөбе қаласында медицина қызметкерлері күніне және «Денсаулық саябағының» ашылуына орай мерекелік бағдарлама өтті. Осы шараға Қобда аудандық орталық ауруханасы шараға қатысып, республикалық кәсіподақ ұйымының алғыс хатына кәсіподақ төрайымы Жұмалина Ж.С ие болды.