Ағымды жылдың 21 - маусым күні Бүкіл әлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, аудандық орталық ауруханасы СӨСҚ мамандары мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, "Мен нашақорлыққа қарсымын" атты акция аясында жастар арасында семинар-тренинг және волейболдан жарыс өтті. Шара барысында "Есірткі профилактикасы" парақшалары таратылып, есірткіге қарсы бейне-роликтер көрсетіліп, тренингтер өткізілді. Акция аудандық спорт кешенінде волейболдан аудандық турнирмен жалғасын тапты. Жарысқа: Қобда жастары, аудандық орталық аурухана, аудан әкімдігі, Қобда орта мектебі, «Жасыл ел» сарбаздары, Калиновка ауылы, Қобда ауылдық округінің жастарынан жиналған 7 команда бақтарын сынады. Шараға 100-ге жуық жастар қатысты. Жүлделі орындарды иеленген командалар:

3 орын - "Қобда жастары" командасы;
2 орын - "Қобда орта мектебі" командасы;
1 орын - "Қобда ауданы әкімдігі" командасы;
Үздік ойын көрсеткен жастар арасынан Мұқанбет Жанар және Еламанова Гүлсезім марапатталды. Жеңімпаз командаларға кубок, волейбол доптары және алғыс хаттар табысталды.Жеңістеріңіз құтты болсын! Зиянды әдеттерден аулақ болайық! Салауатты өмір салтын ұстанайық жастар!