3-тамыз күні Қобда орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері тұрғындар арасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» шарттарын, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Амангелді» сауда орталығында халықпен және сондағы жеке кәсіпкерлермен кездесіп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар келген тұрғындардың қан қысымын, бойын, салмағын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтап берді. Барлығы 125 тұрғын қамтылды. Барлығына АОМ үлестірілді.