Ағымды жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, "Ең үздік мамандық иесі"» атты жас мамандар арасында байқау өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – талантты, білімді жастарды қолдау, эстетикалық талғамы мен мәдениетінің дамуына қолдау көрсету, жастарды туған өлкеге деген елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары 
1. «Менің түйіндемем» өз-өзін таныстыру. 
2. «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында презентация. 
3. «Білім қоры» сұрақтар сайысы. 
4. «Мамандықтың киім стилі» киім үлгісі.
5. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету сайысы. 
Байқауға әр ауылдық округтен, орталық ауруханадан, аудан мектептерінен 15 жас қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2-жүлделі орынды біздің ауруханамыздың медбикесі Бекбергенқызы Гүлсезім иеленді. Бәрекелді жарайсың Гүлсезім, алдағы уақытта да әріптестерімізге биіктерден көріне беруіне тілекшіміз..