Қобда аудандық ауруханасында 20-мен 29-қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларының (ҚАЖА) алдын алу онкүндігіне орай 20- қыркүйек күні жүрек – қан тамыры ауруларының алдын алу мақсатында емханада аудан тұрғындарына арналған қанайналым жүйесі ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтының негіздері және уақытылы скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы дәрігерлердің тегін кеңесін, артериалдық қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау сияқты қызметтерді қамтыған «Денсаулық шатыры» ұйымдастырылды.