Қобда аудандық орталық ауруханасында қазанның алғашқы күні Қарттар күніне орай «Қарттар денсаулық мектебі » қатысушыларына арналған бағдарлама өткізілді. Бағдарлама барысында келген қарттарды мерекесімен бас дәрігер орынбасары Пернебаева Ә.Б. құттықтады. Қарттарға «Қарттар денсаулық мектебінің» куәліктері тапсырылды. Салауатты өмір салтын ұстау қағидалары айтылып өтті. «Қарттар денсаулық мектебінде» өткізілген сабақтар бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Есте сақтау қабілетін жаттықтыру мақсатында әуендерді табу жаттығуы өткізілді. «Қара жорға» биі арқылы қарияларымыз денелерін бір қимылдатты. Психолог маманның ұйымдастыруымен тренингтер ұйымдастырылды. «Жан жүрек сыры» тренингі арқылы қатысушылар мектебімізге жылы лебіздерін, ізгі тілектерін жазды. Бағдарлама соңында қарттарға мерекелік дастарханда бастарын қосты.