14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында эндокринолог, СӨСҚ дәрігері ұйымдастыруымен "Амангелді" сауда үйінде тұрғындарға арнап акция өткізілді. Акция барысында Қобда тұрғындары салмақ пен бой өлшемін, артериялық қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтай алды. Тұрғындарға қант диабеті туралы мағлұмат беріліп, "қант диабеті" тақырыбында бүктемелер таратылды